Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

15 Қыркүйек 2021, 19:35
5154
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-19 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгін аймақтағы 10 аудан мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордаға аттанды. Мақсат - Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.

Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 3,5 тонна шұжық, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік және 3,0 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 128,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімі бар.

Елордадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 115,2 млн теңгені құрайтын 182,0 тоннадан астам өз өнімін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады.

Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығында – 168,6 млрд теңгенің (егін шаруашылығында – 69,7 млрд теңге, мал шаруашылығында – 98,7 млрд теңге) өнімі өндірілсе, ет өндірісі – 4,9%, сүт өндірісі - 1,7%, жұмыртқа өндірісі - 9,7% артты.

Өзгелердің жаңалығы