Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

31 Қазан 2021, 14:34
2010
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Teatr ALL» театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай фестивальді «Қыз Жібек» қойылымы ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Ашылу салтанатында «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлдерді сомдаған еңбек сіңірген әртістер – Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті А.Әшімов, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі М.Өтекешева, еліміздің Халық әртісі Т.Жаманқұлов, сол сияқты Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова және т.б. болды.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Ашылу салтанатында қала әкімі Алтай Көлгінов кеш қонақтарын қарсы алып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп жатқан фестивальдің маңыздылығын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Ел басшылығы мәдениет және өнер қайраткерлеріне жағдай жасауға және оларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Театр фестивалі арқылы мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келеді. 30-ға жуық түрлі спектакль, елордалық суретшілер жұмыстарының көрмелерін өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль қорытындысы бойынша театрдың түрлі номинациялары бойынша 30 жеңімпаз анықталады.

Осындай көптен күткен іс-шараға қаладағы барлық театрымыз, оның ішінде жақында ашылған инклюзивті театр, сондай-ақ шетелдік шығармашылық ұжымдар қатысады. Театр фестивалі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы ең үздік іс-шаралардың бірі болатынына сенімдімін. Ол театр әуесқойлары қарым-қатынас орнататын және көрермендермен кездесіп, байланыс құратын бірегей орынға айналады. Фестиваль қонақтары мен қатысушыларына алғыс айтамыз, - деді елорда әкімі. 

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Сондай-ақ, ол елордалық театр фестивалінің «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 50 жыл толуына орай «Қыз Жібек» операсымен ашылуының символдық мәні бар екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Көрермен қауым 2017 жылы премьерасы өткен «Астана Опера» театры әртістерінің орындауындағы опера қойылымын тамашалады. Жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижері – Абзал Мұхитдин, дирижері – Руслан Баймурзин. Қоюшы режиссері – Михаил Панджавидз.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы театр фестивалі 3 қарашаға дейін жалғасады. Оған 12 елордалық театр ұжымы мен Ресейден келген құрметті қонақтар – Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры және С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры қатысады.

Нұр-Сұлтанда «Teatr ALL» театр фестивалі «Қыз Жібек» операсымен ашылды

Ауқымды іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалғасып жатқан пандемияға байланысты қатысушылар мен қонақтардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, залдарға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, термометрия жүргізіледі, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер орнатылады, сондай-ақ маска режимі қарастырылған.

 


Өзгелердің жаңалығы