Нұр-Сұлтанда таяз су айдындарын зерттеу жұмысы жүріп жатыр
14 Мамыр, 18:33 672

Нұр-Сұлтанда таяз су айдындарын зерттеу жұмысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада масалар мен шіркейлердің санын азайту бойынша дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр. Адам көп жиналатын орындар – саябақтарға, гүлзарларға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа маусым басталғаннан бері Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп 100-ден астам таяз су қоймалары мен батпақты жерлерге зерттеу жүргізді. 26-30 сәуір аралығында масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданындағы су айдындарына дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді, – деді «Астаналық дезинфекция» ЖШС өкілі Айжан Ефтифеева.

Оның айтуынша, осы жылдың 30 сәуірінен бастап «Астаналық дезинфекция» ЖШС ашық стацияларды – саябақтарды, гүлзарларды, елді мекендерді өңдей отырып, масаларды азайту жұмысы жүріп жатыр.

Бұл дезинсекциялық шаралар масаларды толығымен жойылуға емес, санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазіргі таңда қалада ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда, олар түнгі уақытта – кешкі сағат 9-дан таңғы 4-ке дейін жүргізіледі. Адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауға ерекше көңіл бөлінеді. Роторлы бүріккіштер мен термогенераторлардың көмегімен өңдеуге 120-дан астам адам, сондай-ақ 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

5 мамырдан бастап адам көп жиналатын орындарда дезинсекциялық жұмыстардың тиімділігін тексеру жұмысы басталды. Бүгін біз Үркер елді мекеніне дернәсілдердің бар-жоғын тексеру үшін бардық, – деп хабарлады Айжан Ефтифеева.


Фото: дереккөз
Загрузка...