Елордада қыздарға қатысы жоқ акция басталды

31 Мамыр 2019, 12:50
2249
Бөлісу:
Елордада қыздарға қатысы жоқ акция басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық ауруханалар мен емханаларда балаларды ақысыз түрде сүндеттеу бойынша «Сүндет-2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Дәстүрлі түрде медициналық ұйымдарда аталмыш қызмет түрі ақылы негізде көрсетіледі, оның құны орта есеппен 25 мың теңгені құрайды. Акцияны ұйымдастырушылардың пікірінше, ол көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек болмақ. Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың  4 ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «циркумцизия» (сүндеттеу) бойынша тегін медициналық қызмет көрсету үшін 4 медициналық ұйым белгіледі.

"Барлық медициналық ұйымдарда емшара жүргізу үшін 2-ден 5-ке дейін операция жасау қарастырылған, кесуді жүргізу үшін хирургтар мен урологтар бригадалары ұйымдастырылған. Әрбір медициналық мекемеде операцияны бір уақытта бес хирург жүргізетін болады. Операциялар ағымдағы жылдың 7-8 маусымында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, операция жүргізуден бөлек балаларға естелік сыйлықтар дайындалған", - делінген таратылған ақпаратта.

 «Сүндет-2019» акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 2019 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейін қабылдайды. Өтінімді беру және тізімге енгізу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 36-11-26 ("Алматы" ауданы), 55-73-77 ("Байқоңыр" ауданы), 55-72-93 ("Есіл" ауданы), 55-74-79 ("Сарыарқа"ауданы).


Өзгелердің жаңалығы