Нұр-Сұлтанда «Шаттық» фестивалі өтеді

27 Маусым 2019, 15:35
1695
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Шаттық» фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай 4-6 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі «Шаттық» халықаралық жас таланттар фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара аясында жас өнерпаздар қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өз өнерлерін ортаға салмақ. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай фестиваль «Ел орда – жастар қаласы» тақырыбында өтеді. Жас өнерпаздар бірнеше жанрда сайысқа түседі. Атап айтқанда, вокал, хореография, аспапта ойнау, сән театры және өзіндік жанр. Биылғы іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Беларусь, Литва, Грузия, Армения, Болгария, Португалия, Италия, Қытай, Чехия, Израиль, Испания, Сербия, Түркия және т.б. мемлекеттерден делегациялар келеді. Айтулы шараның қазылар алқасының төрайымы КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.

Сонымен қатар, белгілі музыканттар, композиторлар, продюсерлер, артистер, түрлі мемлекеттерде ірі халықаралық шығармашылық фестивальдарын ұйымдастырушылар да кішкентай жұлдыздардың өнерін бағалайтын болады. Конкурсанттар жарысы 4 шілде күні басталады.  6 шілдеде «Шаттық» фестивалінің шымылдығы жабылады.
Өзгелердің жаңалығы