Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты

19 Қыркүйек 2021, 17:07
4819
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 қыркүйекте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тазалау жұмыстарына шыққан ең белсенді еңбек ұжымдарының бірі - Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері болды. Олар 500-ге жуық адамды жинады.      

Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты

Теміржолшылар қызметтік-техникалық ғимараттарға іргелес жатқан аумақтарды, вокзал маңындағы алаңдарды жөнге келтіріп, темір жолдың бөлу жолақтарын тазалады. Барлығы 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Сонымен қатар сенбілік кезінде теміржолшылар ағаш отырғызды.



Өзгелердің жаңалығы