Нұр-Сұлтанда робототехникадан қалалық чемпионат өтті
11 Мамыр, 21:37 644

Нұр-Сұлтанда робототехникадан қалалық чемпионат өтті

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana IT University-де робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament 2022» екі күндік қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мектептер мен робототехника үйірмелерінен 149 елордалық команда чемпионатқа қатысып, 7 санат бойынша жарысты.

 

Бұл пандемия басталғаннан кейінгі соңғы 2 жылдағы алғаш өтіп жатқан робототехника жарысы. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласындағы робототехникаға балалардың жаппай қызығушылығын арттыру, осы саладағы жас таланттарды қолдау және дамыту мәселелеріне қоғам назарын аударту мақсатын көздейді, - деп хабарлайды «Роботек» робототехника мектебінің негізін қалаушы Санжар Шалқарбеков.

Турнирдің бірінші күні командалар 4 санатта жарысты. 

Робототехника бойынша жарыс алаңында оқушылар үйренеді және өз қабілеттерін дамытады. Бұл цифрлық технологияларды қолдану қажет мамандықтарды игеруге ынталандырады. Баланың іскерлік болашағы құрылады. Нұр-Сұлтанда дарынды, талантты балалар көп. Олардың білімі мен іскерлігі болашақта ел дамуы үшін қажет, - деді «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жарыстың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, жарыс жеңімпаздары санаты бойынша I, II және III дәрежелі дипломдармен және «Астана дарыны» ОАӨЖК медальдарымен марапатталды.

Сондай-ақ, жеңімпаздар автоматты түрде жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп өткізетін Халықаралық инновациялық-білім беру STEM-Олимпиадасының финалына өтті.

Жеңімпаздарды дайындаған педагогтар алғыс хаттармен, ал әр санаттағы жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталды. Төрешілер өз кезегінде жарыс санатын көрсете отырып, төрешілік тәжірибесін растайтын сертификаттар алды.
Турнир Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығымен, «Астана Innovations» АҚ және Astana IT University қолдауымен елімізде пәндік олимпиадаларды өткізуге жауапты «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп өткізілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...