Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмысына 1900 бірлік арнайы техника жұмылдырылады
16 Қараша 2021, 20:51 94

Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмысына 1900 бірлік арнайы техника жұмылдырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қысқы кезеңде қар көп жауады деп күтіліп отыр. Қар күреу жұмысына 1900 бірлік арнайы техника сақадай сай тұр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта қаланы қар жинау жұмысына 1790 бірлік арнайы техника мен 2629 жол жұмысшы жұмылдырылды. Қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі, ал кешкі және түнгі уақытта қарқынды іске асады.
Қалың қар мен боран кезінде қала бойынша 1 900-ден астам арнайы техника мен 3 мың жол жұмысшы жұмылдырылады.

Қар 4 негізгі полигонға шығарылады. Бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында негізгі полигондарда бейнебақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар, негізгі полигондарды толтыру жағдайына қосымша 5 полигон қарастырылған.

Қаланың қар жинайтын аумағы 609 млн шаршы метрді құрайды.



Фото: дереккөз
Загрузка...