Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

4 Мамыр 2022, 21:16
1141
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Көркем гимнастика орталығында – Тәуелсіздік сарайында ел чемпионаты өтіп жатыр.

 3-7 мамыр күндері спорт шеберлері, сондай-ақ 8-12 мамыр күндері спорт шеберлігіне үміткер және 1-разряд арасында Қазақстанның екі чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Онда 500-ден аса спортшы бақ сынайды. Сол сияқты еліміздің барлық өңірінен жасақталған құрама команда бөлек қатысады. Сол себепті жарыс өте тартысты өтеді деп сенемін, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ басшысы Әбілқайыр Сайранбек

Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған талантты қыздар өз өнерлерін ортаға салды.

Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Бұл – Қазақстан ішіндегі ең үлкен жарыс. Сондықтан спортшылардың бәрін көріп шығамын. Топтық командаларды да назарымызға аламыз. Себебі қазір Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатырмыз, - деді Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова.

Өзгелердің жаңалығы