Нұр-Сұлтанда «Қазақ радиосы» көшесі пайда болды

31 Наурыз 2021, 12:33
1908
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Қазақ радиосы» көшесі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың сол жағалауындағы көшелердің бірі енді «Қазақ радиосы көшесі» деп аталады. Бүгін қалалық әкімдік пен Мәслихаттың бірлескен шешімі шықты. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев Facebook-тағы жеке парақшасында жазды.

Радиоарна басшысының айтуынша радио тарихымен тығыз байланысты тағы бірнеше қалада дәл осындай «Қазақ радиосы көшесі» пайда болған.

Бүгін қалалық Мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімі шықты. Нұр-Сұлтан қаласындағы  "»Қазақ радиосы көшесі"» журналистикасының жаңа ғасырдағы қара шаңырағы — Қазмедиа орталығы ғимаратының іргесінде орналасқан, ұзындығы 560 метр. Бұл қазақ радиосының 100 жылдығына орайластырылған тамаша тарихи тарту. Екі апта бұрын Шымкент пен Қызылорда қаласында да осындай көшелер ашылды, жыл соңына Қазақ радиосы 70 жыл эфир таратқан Алматы қаласында да «Қазақ радиосы көшесі» ашылады. Қазір заң аясында тиісті жұмыстар жүруде. Бұл қалалардың тарихы Қазақ радиосымен тығыз байланысты,- деп жазды Дулат Абибуллаев.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі мен Мәслихатының бірлескен шешімімен tлордадағы көшелердің біріне белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың да есімі берілді. 

Айта кетейік, биыл елдегі басты радиоарна Қазақ радиосы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қазақ радиосының тарихы 1921 жылдың қазан айынанбастау алады. Оның негізін қалаушылардың бірі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. 

Өзгелердің жаңалығы