Нұр-Сұлтанда хоккейден балалар турнирі өтеді

6 Наурыз 2021, 19:14
1305
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда хоккейден балалар турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбаева балалар арасында турнир өткізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің мақсаты - Нұр-Сұлтанда балалар мен әйелдер хоккейін насихаттау. Ойыншылар мен командалар тегін қатысады. Жарыстың әрбір қатысушысына естелік кәдесый табысталады, ал алғашқы үш орынға ие болған командалар медальдармен марапатталады.

Турнир жеңімпазына кубоктан бөлек ақшалай сыйлық табысталады. Турнир Street Hockey 3х3, яғни көше хоккейі форматында өтеді. Ал тіркелген әр команданың құрамында 9-13 жас аралығындағы бес ойыншыға дейін болуы қажет. Көше жарысына 6-8 команда қатысады.

Айта кетейік, шара Қазақстан хоккей федерациясы мен Street Hockey қолдауымен өтеді. Іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

 


Өзгелердің жаңалығы