Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонаған

22 Шілде 2021, 02:23
2413
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.

20 шілдеде «102» пультіне кассирден белгісіз біреу тапаншамен қорқытып, ломбардты тонап кеткені туралы хабар түскен. Ер адам 200 мың теңге алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жәбірленушінің сөзінше, сағат 12.00-де медициналық маска таққан ер адам терезеге жақындап, тапаншасын көрсеткен. Кейін целлофан пакет беріп, «тезірек ақша, алтын, не бар бәрін сал! Әйтпесе өлтіремін!» деп ақырын ғана айтқан. Осы сөздерден кейін қыз ақшаны монеталармен қоса жинап, пакетті қарақшының қолына берген, – дейді полицейлер.
Оқиға орнына жедел полиция жасағы барып, күдіктінің белгілері анықталды. Полиция жасақтары бағдар бойынша барлық ауданды тексеріп шықты.

Осылайша жедел басқару орталығының операторлары бейнекамераларды қарап, күдіктіге ұқсас ер адамды байқады. Видеокадрлардан оның жылдам жүріп бара жатып, белгісіз затты лақтырып жібергенін көруге болады. Кейін өтіп бара жатқан тағы бір адам бұл затты алады, бірақ тапанша ойыншық болып шыққан.
Өзгелердің жаңалығы