Нұр-Сұлтан полицейлері көпірден секірген адамды құтқарды

10 Мамыр 2021, 13:52
1886
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан полицейлері көпірден секірген адамды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы сағат 04:30-да Нұр-Сұлтан қалалық  ПД жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» СК көпірінен ер адам секірмекші болды деген хабарлама келіп түсті. Полицейлер келген бойда жас жігіт көпірден секіріп үлгерген.

Уақыт өте тығыз болды, біз суға түсіп жігітті киімінен ұстап, қауіпсіз жерге шығардық, - дейді оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан Әділбеков пен Олжас Алтынбеков. 

Анықталғандай, 22 жасар жас жігіт мас күйінде болған. Жігіт медициналық көмек алуы үшін дәрігерлерге жіберілді. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

 



Өзгелердің жаңалығы