Нұр-Сұлтан әкімдігінде 62% әйелдер қызмет етеді

24 Маусым 2020, 20:41
1505
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімдігінде 62% әйелдер қызмет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік аппарат қызметкерінің орташа жасы – 36,4 жастағы азаматтар, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің беделі жылдан жылға артып келеді. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – азаматтарға көмек көрсету, олардың мәселелерін шешу. 

Бала кезімнен ел үшін кейінгі ұрпаққа жауапкершілік ала білетін адамдарға қызығатынмын. Оларға қарап бой түзейтінмін. Күніне мың құбылған мына ғаламда уақыт пен жастарға ілесу күн сайын бір челленджден өту секілді. Сіз өзіңізге сеніп, жұмысыңызды жақсы көріп істесеңіз, еш нәрсе қиын емес. Біз үшін әрбір жастың жетістігі – еліміздің жетістігі. Мен өз ұрпағымыз өмір сүретін мемлекет қалыптастыруға, оның болашағын нығайтуға үлес қосып жатқанымды мақтан тұтамын. Мемлекеттік қызметпен қатар үлгілі әке, қамқор жар болу – менің мәртебелі міндетім. "Отанды сүю - отбасынан басталады" демекші, балаларыма тәрбиені жеке мысалмен көрсетіп, іспен дәлелдегім келеді, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

2020 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша Нұр-Сұлтанда 66 Мемлекеттік орган бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар саны – 28, орталық мемлекеттік органдардың 38 аумақтық бөлімшесі бар. Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік органдардағы штаттық жиынтық 92% болса, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар – 93,7% -ды құрайды. 

Назар аударатын мәселе мемлекеттік қызметте ерлерге қарағанда әйелдер көп. Нәзік жандар – 2 168 немесе 62,1%, ерлер – 1 316 немесе 37,9% көрсеткішке ие. Мемлекеттік қызметшілердің 3 272-сі немесе 94%-ы жоғары білімді. Оның ішінде мемлекеттік қызмет академиясын бітірген 45 адам ( 1,3%) және "Болашақ" бағдарламасының 20 түлегі (0,6%) бар. 

Жас көрсеткіші бойынша басым бөлігі 30-39 жас аралығындағы 1 241 адам (35,7%) қызмет етеді. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі – 9,3 жыл, ал орташа жасы – 34,4 жасты құрайды.

Өзгелердің жаңалығы