"Nur Suńqar" байқауына өтінімдер қабылдау басталды

19 Мамыр 2020, 20:20
1358
Бөлісу:
"Nur Suńqar" байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Қазіргі таңда "Nur Suńqar" сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

· "Телевизия үздігі" – үздік телевизиялық журналист;
· "Ұшқыр қалам" – үздік газет журналисі;
· "Үнжария" – радионың үздік журналисі;
· "QazNet үздігі" – интернет басылымның үздік журналисі";
· "Партияның "қайта жандануы" бойынша үздік материал";
· "Елбасы салған сара жол" – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
· "Блогосфера үздігі" – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
· "Алғы шеп" – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;
· "Біз біргеміз" – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;

Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. 

Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз.
Өзгелердің жаңалығы