Бас жаңалықтар
«Нұр Отан» жаңғырудың алдыңғы қатарында - сарапшы
27 Ақпан 2019, 12:49 586

«Нұр Отан» жаңғырудың алдыңғы қатарында - сарапшы

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына және бүгінгі өтіп жатқан съезге қатысты өз ойын ортаға салды.

«Нұр Отан» партиясы елдегі саяси партия жүйесінде басымдыққа ие. Бұл үшін партия өзінің көшбасшылығын үнемі айқындап келеді. Партия Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен жаңғырту бағдарламаларында нақтыланған стратегиялық басымдықтардың орындалуына және оның ел Презеденті айтқандай – елдің барлық аймағындағы, әрбір елді мекендегі, қаладағы, ауылдағы өмір сүру деңгейінің жақсы жағына қарай өзгеруіне бар мүмкіндік жасайды» - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі күні елдегі партиялық жүйе ұрпақтың алмасуына – (сайлаушылардың да, саясаткерлердің де) байланысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр.

«Жаңғырудың алдыңғы қатарында болу үшн партия үнемі жаңарып, халық арасынан жас көшбасшыларды іздейді. Қазіргі қалыптасқан жағдайда партия ауқымды мақсаттарды алға қойып отыр: партиялық күн тәртібіне және кадрлық лифттерге партияның белсенді мүшелері мен жақтастарын барынша көп тарту» - дейді Юрий Булуктаев.

Сонымен қатар ол партияның негізгі міндеттеріне де тоқталды.

«Өзінің бірегейлігін нығайту және партияға жаңа жақтастарды тарту, соның ішінде партиялардың күн тәртібі мен кадрлық лифттерге партияның белсенді мүшелері мен жақтастарын барынша көп тарту шарасы. Егер біз идеологияны партиялық брендтің құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, оның өзгеріске ұшырағандығы туралы айтуға болады. Біріншіден, ребрендинг брендтің дамуына көмектеседі. Партиялық-бағдарламаның идеологияларының альтернативалары жетекші саяси күштер мен Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі тарапынан мойындалған және қолдау табатын бірыңғай және сөзсіз құнды іргетасқа негізделуі керек. «Нұр Отан» партиясы Қазақстан дамуының заманауи кезеңіне сәйкес келетін жалпыұлттық идеологияның ең құндылық негізі ретінде саяси мәдениетте басымдығы бар құндылық бағдарлар: өмірдің сапасын арттыру – тұрақтылық – ұлттар бірлігі – патриотизм екендігін толығымен түсінеді. Соған қатысты, партияның негізгі құндылықтары да жаңартылады. Бұл адам және оның әл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы, елдің бірлігі мен егемендігі, көшбасшылық және даму» - дейді ол.

Жаңартылған коммуникациялар мен бейнеге ие болғаннан кейін, партия бренді айтарлықтай жаңарып, эмоционалды бола бастайды. 

«Жаңа нормалар мен құндылықтарды идеологияға қосу, олардың мазмұндық мәніне корреляция жасау брендке жаңа күш береді, – ол жаңа сапарлар иеленіп, өз жақтаушылары мен жаңа қолдаушылар үшін тартымды болады» - дейді Юрий Булуктаев.

Ержан Жаубай

Сізден жаңалық