«Nur Otan» партиясының өкілдері Алматы облысына барды

29 Желтоқсан 2020, 18:31
1769
Бөлісу:
«Nur Otan» партиясының өкілдері Алматы облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының өкілдері бүгін Алматы облысына келді.

Партия мүшелері «Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында өңірде жаңа жұмыс орнын ашу, жаңа мектеп салу, ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

«Nur Otan» партиясының өкілдері Алматы облысына барды

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірқатар азаматты қабылдады. Азаматтардың бірі Назерке Әбдіхалықова Райымбек ауданында емхана салу мәселесін көтерсе, Шонжы ауылынан келген көпбалалы ана Зағира Әлімходжаева салынып жатқан жалдамалы тұрғын үй санын арттыруды өтінді. Ал Амангелді Шәріпқұлов Айтей ауылы тұрғындарының электрмен жабдықтау мәселесін шешу жөніндегі өтінішін жеткізді. Нұротандықтар бұл мәселелер шешілетінін айтты.

«Nur Otan» партиясының өкілдері Алматы облысына барды

Сондай-ақ, жиын барысында азаматтар негізінен әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары, денсаулық сақтау, білім беру сияқты мәселелерді көтерді.

Өзгелердің жаңалығы