Nur Otan партиясының жаңа хатшысы тағайындалды

10 Шілде 2019, 12:05
1832
Бөлісу:
Nur Otan партиясының жаңа хатшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлібек Әлденей Nur Otan-ның хатшысы болып тағайындалды, деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында.   

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей Nur Otan-ның хатшысы болып тағайындалды», - делінген Бауыржан Байбектің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарып келген. Ол 9 шілде күні басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясы хатшысы қызметінен босатылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы