Бас жаңалықтар
Павлодардағы Nur Otan партиясының кезектен тыс конференциясында әлеуметтік жобалар талқыланды
17 Сәуiр 2019, 14:09 548

Павлодардағы Nur Otan партиясының кезектен тыс конференциясында әлеуметтік жобалар талқыланды

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның кезекті съезінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы облыста өткен кезектен тыс конференцияда талқыланды. Нақтырақ айтқанда, «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобалары, сондай-ақ "саяси құрылымның кезектен тыс XIX съезіне делегаттарды сайлау мәселесі талқыланды.

Аталған бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко айтып берді.

«Павлодар облысында 14 әлеуметтік терезе ашылды. Кез келген тұрғын терезеге келіп, мазалаған сұрағын қоя алады. Сонымен қатар, Саll-орталық, электронды пошта мен әлеуметтік желілерді қолдануға болады. Бүгінгі күнге дейін халық тарапынан 623 өтініш түсті, олардың 67-і оң шешімін тапты», - дейді Николай Дычко.

«Халыққа көмек» жобасы бойынша өзекті мәселелерді шешу мақсатында келіп түскен ақпараттар жүйелендіріліп, сала мамандарына тапсырылады.

«Бақытта отбасы» жобасы бойынша партия жанынан отбасы құқықтарын қорғау бойынша кеңес құрылды. Арнайы «жол картасы» жасалды. Осылайша, аз қамтылған отбасыларды қолдаумен қатар, әлеуметтік ортада туындауы мүмкін мәселелерді алдын алуды көздейміз. Өңірде бұл санатқа жататын отбасыларды қолдауға 3,2 млрд теңге қарастырылған. Көпбалалы отбасыларда тәрбиеленетін 3,5 мың бала мектеп және балабақша асханаларында тегін тамақтанатын болды. Ал ата-аналардың бірі қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын иеленді», - дейді Николай Дычко.

Қазіргі уақытта 800-ге жуық көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы қамқорлыққа алынды. Олардың электронды әлеуметтік төлқұжаттары жасалып, өмір сүру деңгейі зерттелді.

Партияның аймақтық филиалының кеңесшісі Бауыржан Паруовтың айтуынша, игі істер «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде қолға алынды. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам отбасы нақты көмекпен қамтылды. Тағы 200 жанұя кәсіпкерлер мен ұйымдардың қамқорлығында. Жоба бойынша аймақта 756 отбасының балаларына арналған әлеуметтік карталар бойынша жұмыстар жүргізілді.


Фото: автордан
Загрузка...