Бас жаңалықтар
Nur Otan қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізді
27 Қазан 2020, 19:03 201

Nur Otan қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі Сайлау туралы заңға сәйкес жұмыстың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Сонымен, 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін қоғамдық қабылдауларда депутаттар мен мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларын өткізу тоқтатылды. Адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустар мен медиаторлардың консультацияларын өткізу де тоқтатыла тұрады. Партияның жедел желілері сайлау аяқталғанға дейін тек анықтамалық ақпарат береді.  

Айта кетейік, жыл басынан бері Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 356 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 177 мың мәселе оң шешімін тапты. 174 мың адамға түсініктеме беріліп, 5 мыңға жуығы орындалуда. 462 онлайн-қабылдау өткізілді.

Партияның баспасөз қызметі отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметінің» үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында осы қызметті басқару «Право» қоғамдық қорына берілгенін хабарлады.

«111 шұғыл қызметі» тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Барлық өтініштің құпиялығы сақталады.



Фото: дереккөз
Загрузка...