Бас жаңалықтар
"Nur Otan" "JasUp University" білім беру жобасын іске қосты
12 Наурыз 2019, 10:15 689

"Nur Otan" "JasUp University" білім беру жобасын іске қосты

Астана, BAQ.KZ. Көшбасшы академиясының негізінде бастау алған жастардың бұл жобасы - топты басқару, саясат, бизнес пен журналистика саласындағы мамандардың тренингтер жүйесін қалыптастыруға бағытталып отыр. 

Оқыту мерзімі екі айға жалғасады. Осы уақыт ішінде колледждер мен ЖОО 60 студенті және жас мамандар заманауи трендке ие болған мамандықтардың қыр-сырымен танысатын болады. Оқуға үміткерлер эссе жазып, шығармашылық емтиxан арқылы іріктелді. Айта кетерлігі, партиялық бұл жоба тек білім беруге ғана емес, тұлғаның өзін-өзі дамытуына да бағытталған. Негізгі мақсаты жас қазақстандықтар үшін әлеуметтік сатыны қалыптастыру болып табылады. Жобаны елордада іске асыру "Nur Otan" партиясының Астана қалалық филиалы мен "Жас Отан" Жастар қанатына жүктелген.

"Бұл жерге қызықты жобалар ұйымдастырып, соны іске асыруға және пайдалы іс жасауға ниетті жастар келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біз қалыптасқан кәсіпкерлер мен саясаткерлерден түрлі салада табысқа қол жеткізу үшін не істеу керектігін, қандай қиындықтар кездесіп, қандай ерекшеліктердің болатындығын айтып берулерін сұраймыз. Өйткені бұны университеттер үйретпейді. Біздің жобамыз әлеуетті анықтап, оны жастардың бойында дамытуға бағытталған", - деді партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.

Жастар жылы аясында іске асырылғалы отырған партияның "JasUp University" жобасына қатысу - бұл көшбасшылыққа оң қадам басу.

Сізден жаңалық