Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Нұр Астана» мешітіне барды
05 Маусым 2019, 15:29 383

Мемлекет басшысы «Нұр Астана» мешітіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.
Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Мемлекет басшысы мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті. 

«Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!» – деп тіледі Мемлекет басшысы. 

Соңында Қазақстан президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.



Фото: дереккөз
Загрузка...