Әнші Pink коронавирусты жеңіп шыққанын мәлімдеді

4 Сәуір 2020, 16:28
1793
Бөлісу:
Әнші Pink коронавирусты жеңіп шыққанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. Американың танымал әншісі Pink коронавируспен ауырып, одан жазылып шыққанын мәлімдеді.

Әнші өзімен қоса үш жасар ұлы да коронавируспен ауырғанын растады. Қауіпті індеттің белгілері осыдан екі апта бұрын біліне бастаған.

Орындаушының айтуынша, дәрігер коронавирусқа қарсы тест жасаған және оның нәтижесі оң болып шыққан. Осылайша әнші отбасымен бірге екі апта үйде ем қабылдаған. Екіапталық карантин аяқталған соң тағы да тест тапсырған және онда вирус анықталмаған.

Әнші сондай-ақ Филадельфия мен Лос-Анджелестегі COVID-19 пандемиясымен күресу жөніндегі қорға 1 миллион доллар бөлгенін хабарлады. Бұл қаражат коронавируспен күресте алғы шепте үздіксіз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерін қолдауға жұмсалмақ. 

Сонымен қатар, Pink көпшілікті инфекция таратпас үшін үйде отыруға шақырды.
Өзгелердің жаңалығы