Ноғаев: Әр өңірдің өз даму стратегиясы болады
25 Қараша 2021, 15:34 76

Ноғаев: Әр өңірдің өз даму стратегиясы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс әкімі қызметіне келгеніне қанша уақыт болғанын айтты.

Өңірге басшы болып келгеніңізге көп бола қойған жоқ. Дегенмен халықтың әлеуметтік жағдайы сіз келгенде қандай еді? Қазір қалай? – деп журналист әкімге сұрақ қойды.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, облыс әкімі лауазымына келгеніне 2,5 айдай уақыт болған.

Тағайындалғаныма (әкім қызметіне – ред.) 2,5 ай болды. Әр өңір не елді-мекеннің өзінің даму стратегиясы бар. Мемлекеттің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді даму стратегиялары бар. Оның барлығы облыстардың, аудандардың, қалалардың даму стратегиясына жасақталады. Сондықтан қызметке келген лауазым иесі қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында шешім қабылдайды. Маған дейін 30 жыл ішінде атқарылған жұмыстар да бар, - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін әкім облыстың соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берген болаты.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...