Ноғаев: Халықаралық қатынастардағы сенімді бастамаларды қолдауға дайынмын

15 Қыркүйек 2021, 22:44
5409
Бөлісу:
Ноғаев: Халықаралық қатынастардағы сенімді бастамаларды қолдауға дайынмын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті.

 Кездесу барысында Қазақстан БҰҰ-мен экономика, экология, әлеуметтік даму, адам құқықтарын сақтау, терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуға үлкен көңіл бөлінетіні айтылды.

 Өзімнің тарапымнан халықаралық қатынастардағы сенімді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімді атап өткім келеді, - деді Нұрлан Ноғаев.

 Өңір басшысы Микаэла Фриберг-Сториге Маңғыстауға келген сапары үшін алғысын білдіріп, бұл кездесу жемісті әріптестік орнатуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы