Бас жаңалықтар
Нобель сыйлығын алған экономистер белгілі болды
14 Қазан 2019, 18:06 394

Нобель сыйлығын алған экономистер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық Абжиджит Банерджиге, Майкл Кремерге және франциялық Эстер Дюфлоға берілді. Бұл туралы ресми сайтында хабарланды.

Қазылар алқасының мәлімдемесіне қарағанда, ғалымдар марапатты жаһандық кедейшілікпен күреске эксперименталды шешім тапқаны үшін алған.

"Бар болғаны екі онжылдық ішінде олардың шешімі дамып келе жатқан экономикаға ықпалды өзгертті", - делінген Нобель комитетінің пресс-релизінде.

2018 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын нарықтық экономика және климаттың өзгеруі арасындағы өзара байланысты экономикалық модельдеу саласындағы жұмысы үшін Уильям Нордхаус және Пол Ромер алды.


Фото: дереккөз
Загрузка...