NIS робототехниктері бүкіләлемдік олимпиадада қола жүлдені иеленді

12 Қараша 2019, 19:40
9121
Бөлісу:
NIS робототехниктері бүкіләлемдік олимпиадада қола жүлдені иеленді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO чемпионатының (Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, қола медальбмен оралды. 

NIS құрама командасы "Ақылды білім" секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі – "Ziggurat" роботын таныстырды.

WhatsApp Image 2019-11-12 at 18.24.00.jpeg


 

Жоба идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінде оқитын Даниил Филимоновке тиесілі. Онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті. Финалда біздің балалар әлемнің 73 елінен 400 астам командамен кездесті, – дейді "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов. 

Николай Авдюнин – еліміздегі робототехника саласындағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі, Талдықорғандағы НЗМ ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. Венгриядағы жетістік – бұл Авдюнин оқушыларының WRO –дағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Сочиден қола және Нью-Делиден алтын медаль әкелді.

WhatsApp Image 2019-11-12 at 18.23.44.jpeg


 

Қазір әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жылдам өзгерістер кезеңіне қадам басты. Жыл сайын біз оқушыларымыздың әлеуетін дамыту үшін жобалар әзірлеп, ақпараттық өндірісті жетілдіруге тырысамыз. Ақпараттық өндіріс негізінде ел экономикасы жаңа деңгейге көтеріле алады, – деп атап өтті Авдюнин.
 

Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO – 2019 "Ақылды қалалар" тақырыбына арналды. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы – 2014 жылдан бастап Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының ұлттық үйлестірушісі.

WhatsApp Image 2019-11-12 at 18.23.35.jpeg


 

NIS-тің тағы үш – Көкшетау, Орал, елордадағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік ондығына кірді.

Өзгелердің жаңалығы