Бас жаңалықтар
Нигерияда мектеп-интернаттан ұрланған 300 оқушы іздестіріліп жатыр
27 Ақпан 2021, 21:25 339

Нигерияда мектеп-интернаттан ұрланған 300 оқушы іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиға елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында болды. Билік ұрланған адамдарды іздеу және құтқару операциясын бастады. Ақпан айының басында қарақшылар Нигерияның басқа колледжінен 300-ге жуық адамды ұрлап кеткен еді.

Нигерияда қарулы адамдар Замфара штатындағы Джангебе қаласындағы мемлекеттік орта мектептен 317 қызды ұрлап әкетті, деп хабарлады legit басылымы.

Оқиға 26 ақпан күні таңертең елдің солтүстік-батысында болған. Террористер мектеп-интернатқа шабуыл жасады, алдын ала мәліметтер бойынша бірнеше күзетші жарақат алған. Бұған дейін қарақшылар жақын маңдағы әскери блок-бекетті басып алған еді.

Замфара штатының полиция комиссары Абуту Яро қауіпсіздік күштері іздестіру-құтқару операциясын бастағанын хабарлады. Қарулы топ ұрланған мектеп оқушылары тасымалданған аудандарға бет алды.

Би-би-сидің мәліметінше, адам ұрлаушылар түнде мектепке кірген. Олар мектепке пикаптар және мотоциклдермен келген. Ал мұғалімдердің бірі кейбір шабуылдаушыда мемлекеттік қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің киімдері болғанын мәлімдеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...