Нидерландыда коменданттық сағатқа қарсы жаппай наразылық өтті

25 Қаңтар 2021, 18:35
1207
Бөлісу:
Нидерландыда коменданттық сағатқа қарсы жаппай наразылық өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Нидерландыда Үкіметтің Сovid-19 таралуына қарсы қатаң шектеу шараларына, соның ішінде коменданттық сағатқа қарсы жаппай наразылықтар өтті, деп хабарлайды euronews.com. 

Эйндховендегі қақтығыстар кезінде полицияға тас лақтырған демонстранттарға қарсы су мен таяқшаларды қолданып, көзден жас ағызатын газ жіберген.

Тәртіп сақшылары Амстердамда наразылыққа қатысқан 100-ден астам адамды ұстады. 

Полицияның мәліметінше, қала билігі тыйым салған акцияға барлығы 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Оларды тарату үшін полиция суатқыштар мен таяқтарды қолданған.

Демонстрация таратылғаннан кейін мұражай алаңында наразылық білдірушілердің полициямен шағын қақтығысы жалғасып, қоқыс жәшіктерін өртеу басталды. Кешке қарай наразылық акциялары басқа қалаларды да қамтыды.

Нидерландыда коменданттық сағат өткен сенбіден бастап, сағат 21:00-ден таңғы 4:30-ға аралығында енгізіліп, 9 ақпанға дейін жалғасады. Өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап ел жалпы карантин жағдайында өмір сүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы