Нейрохирургтар жүкті әйелге омыртқааралық диск жарығын алып тастау операциясын жасады
6 Мамыр, 19:12 667

Нейрохирургтар жүкті әйелге омыртқааралық диск жарығын алып тастау операциясын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №7 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары жүкті әйелге омыртқааралық диск жарығын алып тастау операциясын сәтті жасады.

Пациент Әйгерім Көптілеуова, 1986 жылы туған, жүктілік мерзімі 24-25 аптасында Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының (№7 ҚКА) қабылдау бөлімшесіне, омыртқаның бел-сегізкөз аумағының оң аяққа жаңғырып беріліп ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Шұғыл түрде неврология бөліміне жатқызылды,- деп хабарлайды №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.

Неврология бөлімшесінде  пациент консервативті ем қабылдады: нәтиже болмады. МРТ аппаратында тексеру нәтижесінде секвестрленген омыртқааралық диск жарығы анықталды. Пациентті 7ҚКА бас дәрігерінің орынбасары, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының профессоры Марат Амангелдіұлы Әлиев тексеріп-қарады.Оң аяқ аумағының қатты ауырсынуын анальгетик дәрілер баса алмады, оң аяғын баса алмауын және оған сүйене алмауын, жамбас ағзалары қызметінің бұзыла бастауын ескере отырып, операция алдындағы дайындықтан кейін шұғыл түрде хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.

№7ҚКА-ның №1 нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Ағлақовтың айтуынша,  пациентке оң жақ L5-S1 диск жарығын, жүктіліктің үлкен мерзіміне және  ішпен жатқызу мүмкін еместігіне байланысты бүйірден эндотрахеальді наркозбен жоларалық алып тастау операциясы жасалды.

Операция жасау бригадасының құрамында Марат Амангелдіұлы Әлиев, ассистент Виктор Караваев, анестезиолог Ғалымжан Марс және операция жасау бөлімінің мейірбикелері бар, жүктілік мерзімі үлкен әйелдің омыртқааралық диск жарығын алып тастау операциясы кәсіби  жоғары деңгейде жасалды.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді, жүктілігі қалыпты өтуде, мерзімге сәйкес келеді. Ол аяғына тұрды, өздігінен жүреді, оң аяғындағы ауырсыну белгілері  толығымен басылды. Ауруханадан шығуға дайындалуда,  - деп түсіндірді Бақыт Ағлақов.

Мен 7 қалалық аурухананың №1 нейрохирургиялық бөлімшесінің ұжымына, атап айтқанда, профессор Әлиев Марат Амангелдіұлына ,бөлімше меңгерушісі Ағлақов Бақыт Мейрамханұлына, емдеуші дәрігерлерім: Караваев Виктор Сергеевичке және Бексұлтан Серікұлына көрсетілген жақсы ем, қамқорлық үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл адамдар шынымен де батырлар және өз ісінің мамандары! Үлкен тағзым, - деп қуанышымен бөлісті Әйгерім Көптілеува.

Айта кету керек, бұл операция ана үшін де, құрсақтағы бала үшін де жоғары қауіпті болды. Жүктілік кезінде мұндай жағдайларды болдырмау үшін мамандар жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды ұсынады. Омыртқаның ауруы, остеохондроз және жарыққа күдік болған жағдайда жүктілікті кейінге қалдырыңыз және негізгі ауруды емдеңіз. 

Өзіңізді күтіңіз және жүктілікті жоспарлаңыз! - деп кеңес береді №7 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері.


Фото: дереккөз
Загрузка...