Несіпбек Айтұлы: Туды қорлау – Мемлекетті қорлаумен тең

3 Қараша 2020, 16:07
4561
Бөлісу:
Несіпбек Айтұлы: Туды қорлау – Мемлекетті қорлаумен тең
EX VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлымен мемлекеттік рәміздеріміз жайлы әңгімелескен едік.

Ақын «Ту» поэмасын, «Отан жалғыз, Ту жалғыз» өлеңін жазу арқылы Тәуелсіз ел үшін Тудың, мемлекеттік рәміздің құндылығы жайлы бұрыннан бері ой толғап келе жатқан азамат. Ол «әр қазақ мемлекеттік Туды құраннан кем көрмеуі керек» деген пікірде.

Сонымен қатар, Несіпбек Айтұлы Әнұран атауына қатысты ойын айтты.

Бәріміз Елтаңба дейміз. Неге Әнұранды «Елұраны» деп айтпаймыз. Әнұран не мағына береді? Елұраны десек, сол әннің елге, мемлекетке ұран екенін білдіреді емес пе?! – дейді ақын.

Мемлекеттік рәміздерден бөлек ақын қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерге тоқталып, қазақтың қанына сіңген жершілдік пен рушылдықтан әлі арыла алмай келе жатқанына налитынын айтты.

Қарағанды облысы Шет ауданында әйгілі Шортанбай ақын атындағы музей бар. Империяға Кенесары найзасымен қарсы тұрса, қаламымен қарсы тұрған екі ақын бар. Бірі – Дулат Бабатайұлы, бірі – Шортанбай Қанайұлы. Сол Шортанбай атындағы музейге қатысты шу шығып жатыр. Айтатын сылтаулары – «Шортанбай бұл жерде туған жоқ, Шортанбай бұл жердікі емес, музейді жабу керек» дейтін көрінеді. Бұл не масқара?! – деп ашынады ақын.

Несіпбек Айтұлымен болған сұқбатымыздың толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалаңыздар!



Өзгелердің жаңалығы