Өнеркәсіп орындарында 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған - министр

2 Маусым 2020, 10:59
1014
Бөлісу:
Өнеркәсіп орындарында 1 млн-ға жуық  адам жұмыспен қамтылған - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 мамырындағы жағдай  бойынша  өнеркәсіп саласында  22 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындарда  1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы  индустрия және инфрақұрылымдық  даму  министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында берген есебінде айтты. 

2019 жыл өнеркәсіп үшін сәтті болды. Оның экономикадағы ЖІӨ  үлесі 27,5 %-ды құрады. Оның ішінде  өнеркәсіп саласы 11,4%-ын  жапты.  2020 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша өнеркәсіп саласында  22 мыңнан астам кәсіпорын бар. Кәсіпорындарда 1 млн-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр, - деді министр. 
Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов 2010 жылдан бастап Елбасының бастамасымен елде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. 
Өткен жылы Индустрияландыру күніне екінші бесжылдықтың қорытындысын шығарып, мемлекет басшысына жеткізілген нәтижелер бойынша есеп бердік. Қоғамның сыни көзқарасына қарамастан, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің негізін қалаған осы бағдарлама екенін мойындау керек. 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің жалпы құны 30,6 трлн теңгені құрады. Өткен жыл бойынша бұл көрсеткіш 7,8 трлн теңгеге жетті. Бұл  2015 жылдың қорытындысымен салыстырғанда  87 %-ға  көп, - деді министр.
Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің  басым салаларындағы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысы соңғы  5 жылда орташа есеппен   50%-ға артқан.
Өңдеу өнеркәсібінің  кәсіпорындары 45 трлн теңгенің өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібінің физикалық индекс көлемі 2019 жылдың қорытындысы бойынша  4,4 пайызға артты. Бұл қарқын  осы жылы да сақталып, 4 айдың қорытындысы бойынша 107%-ды  құрады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы