Өнеркәсіп бойынша 6 өңір теріс мәнді көрсетіп отыр – Дәленов

11 Маусым 2019, 11:04
1836
Бөлісу:
Өнеркәсіп бойынша 6 өңір теріс мәнді көрсетіп отыр – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өнеркәсіптегі бірнеше сала бойынша 6 өңір тиісті көркеткішке қол жеткізбей отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында баяндады.

«Өнеркәсіп бойынша 6 өңір теріс мәнді көрсетіп отыр. Олар: Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстары. Аталған өңірлерде мұнай – Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, газ конденцаторын өндіру – Батыс Қазақстан, мұнай өңдеу – Павлодар және Қарағандыда жазық жерлер және болат өндірісі қысқарды», - деді министр.

Ал ауыл шаруашылығы саласында барлық өңірде жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірде өсу қамтамасыз етілді. Маңғыстау облысы енді оң өсуді көрсетіп отыр. Құрылыс бойынша жағдай жақсарып келеді. Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан басқа барлық өңірде өсу байқалады. Бұл ретте Шымкент қаласы және Ақмола облысы жағдайды түзетті», - деді ол.

Министр Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында және Маңғыстау облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша төмендеу бар екенін атап өтті.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша төмендеу Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында сақталып отыр. Ақмола облысын атап өткім келеді. Себебі осы өңірде 4 айда құрылыс және инвестициялар бойынша қысқару болған. Қазір олар өсуді көрсетіп отыр. Жалпы бірнеше көрсеткіштер бойынша жақсы серпінді көрсетуде. Бұл өнеркәсіп, өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және инвестициялар. Қостанай облысында барық 6 көрсеткіш, Павлодар облысында 5 көрсеткіш, Атырау, Түркістан және Қарағанды облысында 4 көрсеткіш және Шығыс Қазақстан обылсында 3 көрсеткіш жақсы өсуді көрсетеді. Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады», - деді министр.

Бұған дейін ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдегі маңызды салалардың экономикалық көрсеткіштерін айтып берді. Жылдық инфляция деңгейі 5,3% құрағанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы