Непалда мектеп төбесі опырылып, 4 бала қаза тапты

12 Маусым 2019, 14:47
1670
Бөлісу:
Непалда мектеп төбесі опырылып, 4 бала қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Сейсенбі күні Непалдың Дарчула ауданындағы мектеп дәретханасының төбесіп опырылып түскен. Апат салдарынан 4 бала мерт болды, деп жазды синьхуа агентігі жергілікті билікке сілтеме жасай отырып. 

Апатты жағдай Наугад муниципалитетіне қарасты ауылды елді мекендегі орта мектепте орын алған. 

Жергілікті полиция офицері Дев Дутта Бхатта агенттік тілшісімен телефон арқылы сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын айтты.

«Біз апат орын алған жерден төрт баланың денесін алып шықтық. Қаза тапқан балалар 5 пен 10 жас аралығындағы балалар. Құтқару жұмыстарына  3 сағаттан артық уақыт кетті», - деді офицер.

Өзгелердің жаңалығы