Бас жаңалықтар
Неміс футболшысы баласына қазақша есім қойды
10 Шілде 2020, 12:02 3534

Неміс футболшысы баласына қазақша есім қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей чемпионатында ойнайтын неміс футболшысы Роберт Бауэр жаңа туған сәбиіне қазақша ат қойған.

Қазіргі кезде Ресейдің “Арсенал" командасында ойнайтын футболшы карантин аяқталып, футбол жалғасқанда келе алмаған. Ресейде біріншілік 19 маусымда жалғасқан. Оған себеп - отбасымен бірге Германиядан шыға алмауы.

1 сәуірде Бауэр мен жары Лароштың отбасында дүниге қыз бала келген. Бұл - оның үшінші қызы. 25 жастағы футболшы сәбиге Әлия деп қазақша есім қойған.

Құрметті жанкүйерлер, бұл жағдай сіздерге секілді маған да оңай емес. Отбасылық жағдайыма байланысты Тулаға келе алмадым. Қазіргі кезде отбасыммен бірге Ресейге жету жағын шешуге тырысып жатырмын, - деп жазды Роберт инстаграмдағы парақшасында.

Ол "Арсеналға" 2019 жылдың тамыз айында ауысқан. Бұл маусымда 14 ойында 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оң қапталдағы қорғаушы Германия бундеслигасындағы "Нюрнберг", "Вердер" және  "Ингольштадт" клубтарында ойнаған.

Бауэрдің отбасы 1994 жылы Германияға Қазақстаннан көшіп барған. Ол Германия жастар құрамасы сапында 2015 жылғы әлем чемпионатына қатысты, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Фото: дереккөз
Загрузка...