Неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды – Тоқаев

6 Желтоқсан 2019, 20:01
8950
Бөлісу:
Неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Германияға жасаған ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында неміс компанияларының басшыларымен бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Baumann Gmbh" компаниясының бас директоры Роберт Бауманнмен кездесуде Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселелері талқыланды. Кәсіпкер Қазақстанда қой етін өндіру жұмыстарын қалай жолға қойғанын айтып, өз бизнесін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарын ортаға салды.

Қазақстан президенті бұл жобаға оң бағасын беріп, мемлекеттік құрылымдардың жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

гулик2.jpeg

Қой санын жылына 750 мыңға жеткіземіз деген биік мақсат қойып отырсыздар. Мемлекет басшысы ретінде сіздің Қазақстандағы жобаңызға оң баға беремін. Сіздерді одан әрі өркендей беруге шақырамын. Туындауы мүмкін мәселелерді шешу үшін неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі "Deutsche Bahn AG" компаниясының директоры Нико Варбаноффпен және инфрақұрылым жөніндегі басқарма мүшесі Рональд Пофаллмен әңгімелесу барысында көлік саласында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстандағы теміржол жолаушылар тасымалының сапасын тиісті деңгейге көтеру, инжинирингтік және консалтингтік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды.

гулик1.jpg

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Volksvagen AG" компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Йенс Ханефельдпен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Мен Германияға екі ел арасындағы байланыстарға дәнекер болу үшін келдім. Бізге сіздердің инвестицияларыңыз бен бизнеске қатысуларыңыз қажет. Кеше Германия басшылығына біздің экономикамыздағы неміс инвесторларының  санын арттырғымыз келетінін ашық айттым, – деді Қазақстан президенті.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Фраунхофер институтының сыртқы байланыстар бөлімінің директоры Йенс Нойгебауэрмен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

бк.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған институттың Қазақстанда кәсіби мамандар даярлау ісін жаңғыртуға және дуальді білім беру жүйесін енгізуге елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, біздің ел бұл саладағы Германияның тәжірибесін енгізуге мүдделі. 

Йенс Нойгебауэр Фраунхофер институтының Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Аталған институт 2008 жылдан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы оқу орындарымен, өнеркәсіптермен тығыз байланыс орнатқан.

Өзгелердің жаңалығы