Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды – Дәленов

10 Қараша 2020, 09:14
1924
Бөлісу:
Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында.

Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды.13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстары, - деді ол. 

Дәленов атап өткендей,  құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7%-ға өскен.

Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 10,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға көп, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы