Негізгі дәрі-дәрмектің баламалары қандай?

5 Шілде 2020, 20:50
1182
Бөлісу:
Негізгі дәрі-дәрмектің баламалары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов негізгі дәрі-дәрмекті алмастыра алатын дәрілер туралы айтты.

Бүгінде отандық өніммен қажеттілік 13 пайызға қамтылып отыр. 87 пайыз импортталып отыр. Қазір елде 8 мың дәріхана бар. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: вирусқа қарсы дәрі-дәрмек бойынша, дәріханаларға 70 мың ингавирин қорабы келіп түсті. Қызуды төмендету бойынша 800 мың парцетамол келіп түсті. Жақын аптада тағы 900 мың қорап жеткізу жоспарланған, - деді ол. 

Тоғжанов айтқандай, өткен аптаның соңынан бері отандық өндірушілер 150 мың антибиотик қорабын жеткізді. 
Жақын арада қызуды төмендететін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тапшылығы толық шешіледі. Осы қасиеті бар дәрі-дәрмектерді алмастыруға болады. Мәселен, Қазақстанда құрамында азитромицины бар дәрінің  64 баламасы бар. Парацетамолдың орнына 33 басқа дәрінің түрін сатып алуға болады, - деді ол
.
Өзгелердің жаңалығы