Бас жаңалықтар
Үндістандық әйелдерге армияны басқаруға рұқсат берді
17 Ақпан 2020, 17:23 188

Үндістандық әйелдерге армияны басқаруға рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Жоғарғы соты офицер әйелдер команда беретін лауазымдарға тағайындала алады деген үкім шығарды.

Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады. Енді елде армиядағы қызметті қарастыратын комиссия болады. Комиссияға әскери қызметіндегі мерзіміне қарамастан, кез келген әйел жүгіне алады. 

Мұнымен бірге, сот әйелдерге ерлермен тең әскери мансап құруға рұқсат етті. 

Үкіметтің бұған қатысты қарсылығын ескіден қалған көзқарас және әйелдердің құқыған таптау деп түсіндірді. Сондай-ақ сот бұған дейін армияда әйелдердің құқығын шектеуге негіз болған физиологиялық шектеулер мен "әлеуметтік нормаларды" қанағаттандырмады. Әйелдердің физиологиялық ерекшеліктерінің олардың құқығымен еш байланысы жоқ. Менталитетіміз өзгеру керек, - деп мәлімдеді Чандрахуд және Растоги есімді екі сот.


Фото: дереккөз
Загрузка...