Бас жаңалықтар
Үндістанда мектептер мен кинотеатрларды ашуға рұқсат етілді
01 Қазан 2020, 11:30 164

Үндістанда мектептер мен кинотеатрларды ашуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан 15 қазаннан бастап коронавирустық инфекцияға байланысты шектеулерді алып тастаудың «бесінші кезеңіне» көшеді.

Үндістан үкіметі 15 қазаннан бастап мектептер мен колледждерді, сондай-ақ, наурыз айында пандемияға байланысты қойылған шектеулерді жеңілдетудің келесі кезеңінде кинотеатрлар мен ойын-сауық саябақтарын ашуға рұқсат берді. Бұл туралы 30 қыркүйекте «The Times Of India» басылымы хабарлады.

Қаулыға сәйкес, елде келесі айдың ортасынан бастап мектептер, колледждер, кинотеатрлар, театрлар және ойын-сауық саябақтарының жұмысына рұқсат етіледі, бірақ адам саны 50% көлемінде болуы керек.

Қашықтан оқыту жүйесі әлі де сақталады. Мектепке келіп оқу міндетті болмауы керек және оқушылардың ата-аналарымен келісілуі қажет, - делінген хабарламада.

Жеңілдік 65 жастан асқан адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға әсер етпейтіні көрсетілген. Сонымен қатар оларға COVID-19 індеті өршіп тұрған аймақтарда жүруге рұқсат жоқ. Аурудың деңгейі жоғары саналған аймақтардағы шектеулер 31 қазанға дейін сақталады.

Айта кету керек, Үндістанда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 6 225 763-ке жетті. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, бұл індеттен 97 497 адам қайтыс болды. Үндістан вирус жұқтырғандар санының тәуліктік өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшы болып қала береді, індет жұқтырғандардың жалпы саны бойынша бұл ел АҚШ-тан кейін екінші орын алады және өлім саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.


Фото: дереккөз
Загрузка...