Үндістанда коронавирусты емдеуге арналған әлемдегі ең ірі аурухана ашылмақ

29 Маусым 2020, 10:13
970
Бөлісу:
Үндістанда коронавирусты емдеуге арналған әлемдегі ең ірі аурухана ашылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан 10 мың науқасқа арналған коронавирус індетін емдеу үшін Sardar Patel COVID Care Centre атты әлемдегі ең ірі ауруханалардың бірін ашпақ, деп жазады CNN.

Аурухана 28 маусымда ішінара жұмыс істей бастады, бірақ дәл қазіргі уақытта тек 2 мың төсек-орын  ғана бар. Қалған 8 мың төсек-орын 1 шілдеден бастап пайдалануға берілетін болады.

Аурухананың ашылуы Үндістандағы вирустың таралуының жаңа антирекордымен тұспа-тұс келді. 28 маусымда елде COVID-19  індетін жұқтырған 19 906 науқас және 410 жаңа өлім оқиғасы тіркелді.

Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 520 мыңнан асады, 16 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ел астанасы Дели - коронавирус инфекциясы ең көп тіркелген қала. Тек батыс Үндістанда орналасқан Махараштра штатында Делиге қарағанда вирус жұқтырғандар көп болды.

Еске сала кетейік, пандемия басталғалы бері коронавирус індетімен ауырғандардың жалпы саны 10 миллион адамнан асты.

Өзгелердің жаңалығы