Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында бақ сынайды

28 Қараша 2020, 17:15
1716
Бөлісу:
Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер боксынан 51 келіге дейінгі салмақта ел чемпионатының финалына шыққан боксшылар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жартылай финалдағы екінші кездесуде алматылық Назым Қызайбай Жамбыл облысының өкілі Жансая Әбдірайымовадан басым түсті. 

 Осылайша, аталған салмақтағы финалдық кездесуде шымкенттік Ангелина Лукас пен алматылық Назым Қызайбай жұдырықтасады.  

Ал қола жүлде Жайна Шекербекова мен Жансая Әбдірайымоваға тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы