Назарбаевтың кітабы испан тілінде жарық көреді

15 Мамыр 2019, 16:51
2090
Бөлісу:
Назарбаевтың кітабы испан тілінде жарық көреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы испан тілінде осы жылдың қыркүйек айында жарық көреді. 

Бұл туралы Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов Сыртқы істер министрлігіндегі брифинг барысында айтты.

Дипломаттың айтуынша, бүгінде Қазақстанда Испанияның 66 компаниясы тіркелген. Дегенмен, оның 42-сі ғана белсенді қызмет етеді.

«Испания тауар айналымының көлемі бойынша Қазақстанның он ірі сауда серіктестерінің біріне кіреді. 2018 жылы тауар айналымы 20% асып, 2,041 млрд долларға жетті. Экспорт 1,8 млрд, импорт 179 млн долларды құрады. 2005-2018 жылдар аралығында Испаниядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсуі 205,5 млн доллар болды. Қазақстанда 66 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер испаниялық капиталдың қатысуымен тіркелген, олардың ішінде 42 компания өте белсенді қызмет етеді», - деді  Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов Сыртқы істер министрлігіндегі брифинг барысында.

Ол енді екі ел арасындағы әуе қозғалысына байланысты құқықтық база, яғни құжат жүзіндегі тәртіп реттелді. Енді тікелей әуе рейстерін орындау тек жолаушыларды тасымалдайтын әуе компанияларының қызығушылығы мен жұмысына байланысты болып отыр.

«2019 жылдың 29 наурызында Мадридте сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың тең төрағалығымен өткен саяси консультациялар экономикалық күн тәртібімен толықты. Саяси консультациялар аясында Қазақстан мен Испанияның авиациялық биліктері арасында Әуе қозғалысы туралы үкіметаралық келісімге алдын ала қол қойылуы және тікелей рейстер ашудың құқықтық негізін қалайтын Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деді дипломат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабынан бөлек, тағы бір кітап испан тіліне аударылмақ. 

«Елшілік «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында түрлі жобаны ілгерілету бойынша жұмыстарға, испан тіліндегі екі кітаптың: «Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасының антологиясына» және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына тұсаукесеріне дайындалып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы 2019 жылдың қыркүйек айында, ал екінші кітап келесі жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр», - деді дипломат.

Айта кетсек, 2019 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қойғанына 10 жыл толады.

Бұған дейін елші Испанияда білім алатын қазақстандықтардың көп екенін және круизбен жүрген жолаушылар құжаттарын жиі жоғалтатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы