Назарбаевтың тапсырмасын орындауға бюджеттен 453,5 млрд теңге бөлінеді

12 Қыркүйек 2019, 13:51
2005
Бөлісу:
Назарбаевтың тапсырмасын орындауға бюджеттен 453,5 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының тапсырмасына сәйкес,  «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленген. Енді, 2020 жылы бұл салаға бюджеттен 94,6 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты.

«Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленді. Енді,оны іске асыруға бюджеттен 453,5 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 2020 жылға 94,6 млрд теңге қарастырылған. Келесі жылдан бастап орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландыруды толық ауқымды енгізуді жоспарлап отырмыз», - дейді  Берік Шолпанқұлов.

Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігіне үш ауысымды оқытуды шешу және 2022 жылдың соңына дейін апатты мектептерді жою міндетін тапсырған. 

«Бұл мақсаттарға 286,8 млрд теңге қаржы бөлінеді. Оның ішінде 2020 жылы 87,1 млрд теңге жергілікті бюджеттер базасына берілді. Сондай-ақ 2022 жылдың соңына дейін жаңа студенттік жатақханалар салу жоспарланған. Республикалық бюджет есебінен үш жылдық кезеңге 75 мың орындық, оның ішінде 2020 жылы 20 мың орындық жатақхананы іске қосу көзделіп отыр», - дейді вице-министр.
Өзгелердің жаңалығы