Бас жаңалықтар
Назарбаева ЕО-ның ОА бойынша өкілін қабылдады
21 Ақпан 2019, 22:56 393

Назарбаева ЕО-ның ОА бойынша өкілін қабылдады

Астана, BAQ.KZ. Сенаттың Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.

Д.Назарбаева Еуропалық Одақпен ынтымақтастық жасау Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Парламенті «Қазақстан – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясындағы Еуропа Парламентімен одан әрі сындарлы үнқатысуды дамытуға мүделлі екенін білдірді.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанмен ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге ілгерілетуге әзір екенін айтты.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың келешегін талқылады. Д.Назарбаева Қазақстан азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдету қажеттігін атап өтті. Сенатор сондай-ақ Қазақстан Үкіметі ұлттық заңнаманы еуропалық ережелерге сәйкес үйлестіру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдағанын айтты. Қазақстан 62 мемлекет, оның ішінде Еуропаның 33 мемлекетінің азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізді.

Жүздесушілер Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясын талқылады. Д.Назарбаева бірлескен ынтымақтастықтың басымдығы ретінде білім беру, құқықтың үстемдік құруы және сапалы мемлекеттік басқару арқылы адами капиталды дамытуды, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікке мән бере отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, энергия тиімділігін арттыруға, су қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды іске асыруды атап көрсетті.

Д.Назарбаева қазақстандық жоғары оқу орындарында ауғандық студенттерді 2021 жылдарға дейін оқыту бойынша бағдарлама мерзімінің ұзартылғанын айтты. Өткен жылы Еуропалық Одақтың қаржыландыратын ауған қыздарын оқыту жөніндегі құны 2 млн. еуро болатын Қазақстан, Өзбекстан мен ЕО үш жақты бағдарламасы іске қосылды. 

«Осы білім беру жобасы Ауғанстандағы әйелдер рөлін арттыруға және балалардың жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жалпы елдегі жағдайды реттеуге ықпал етеді деп санаймыз», - деп атап өтті сенатор.

Сенат комитетінің төрағасы ЕО-ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы баяндап, қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимыл екі тарапқа да пайдалы болатынын әрі жаһандық экономикалық дағдарысқа жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сізден жаңалық