Бас жаңалықтар
Құрылыс қарқыны баяу: Дариға Назарбаева баспана проблемасын көтерді
30 Сәуiр 2019, 18:17 776

Құрылыс қарқыны баяу: Дариға Назарбаева баспана проблемасын көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат спикері Дариға Назарбаева тұрғын үй проблемасын көтерді.

Сенат отырысында Дариға Назарбаева бүгінгі таңда қанша адам баспана кезегінде тұрғанын сұрады.

«487 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр», - деп жауап берді Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Сенат төрайымы алдағы бес жылда барлығын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қанша шаршы метр баспана салу керек екенін де сұрады. 
Вице-министр бұған барлығы 6 трлн теңге қаржы қажет деп жауап берді.

«Бұл мәселені шешу үшін бюджеттің ақшасы жетпейді. Бұл дегеніміз, нарықтан инвестициялар тарту керек. Сондықтан құрылысқа қаржы құю үшін инвесторлар үшін ынталандыру шараларын әзірлеу қажет. Мен алдағы уақытта сіздерден дұрыс шешімдер болады деп үміттенемін. Себебі, бүгінгі күні тұрғын үй проблемасы бүкіл өңірлердегі бірінші проблема. Өкінішке қарай, қазір құрылыс қарқыны баяу жүріп жатыр және ол бүгінгі нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алмайды», - деді Дариға Назарбаева.
 
Сондай-ақ, Назарбаева жер учаскесіне кезекте тұрғандарды жер телімімен қамту мәселесін қарастыру керектігін айтты.

Атап өтсек, бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...