Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

31 Мамыр 2019, 11:37
2913
Бөлісу:
Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді. Бұл туралы бүгін салтанатты кеште университет президенті Шигео Катсу айтты.

2010 жылдан бері студент қабылдай бастаған аталмыш оқу орны бүгін бесінші рет түлектерін шығарып салып отыр. Университет президенті Шигео Катсу түлектердің салтанатты кешінде сөз сөйлеп, оларға сәт сапар тіледі. 

Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

Оның айтуынша, әлемнің әр түкпірінде Назарбаев университетінен тәлім алған 3500 түлек бар екен.

«Елдің даму жолында әрқайсыңыз үлкен рөл атқарасыздар. Сондықтан оған дайын болу керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана президенттік лауазымынан кететінін жария етті. Енді, сол себепті өздеріңіз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіне аяқ басып келесіздер», - деді Шигео Катсу.

Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

Биыл университетті 963 студент бітіріп отыр. Оның ішінде бакалавриат бойынша оқығандар саны - 565, магистранттар - 378,  медицина докторы - 14 және 6 студент докторантура бағдарламасы бойынша тәлім алған.

Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

2019 жылғы түлектердің көпшілігі ғылым және технологиялар мектебін (270 түлек) бітірген. Одан бөлек, бакалавриат бағдарламасы бойынша инженерия мектебін - 225 түлек, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін - 168 түлек оқып шыққан. 

Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

Магистрлер арасында жоғары бизнес мектебін - 82 түлек, жоғары білім беру мектебін - 80 түлек, жоғары мемлекеттік саясат мектебін - 49 түлек, инженерия мектебін - 70 түлек, ғылым және технологиялар мектебін - 34 түлек, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін - 19 түлек, медицина мектебін - 27 түлек, тау-кен ісі және жер туралы ғылым мектебін - 20 түлек аяқтаған.

Назарбаев университетін 900-ден астам түлек бітірді

Түлектердің  университет бітіру кешіне Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы