Бас жаңалықтар
Назарбаев судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізді
21 Ақпан 2019, 15:56 543

Назарбаев судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізді

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті сот жүйесіне қатысты конституциялық заңға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Конституциялық заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сізден жаңалық