Назарбаевтың қатысуымен ҚХА сессиясы өтеді

25 Сәуір 2019, 18:28
2375
Бөлісу:
Назарбаевтың қатысуымен ҚХА сессиясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді.

«Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» атты тақырыпта өтетін сессияға 1500-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде бүкіл өңірден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары бар. 

Сонымен қатар сессияға, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Сессия соңында салтанатты концерт болады. Жиын 29 сәуірде сағат 15.00-де өтеді.

Өзгелердің жаңалығы