Назарбаев қазақстандықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды

29 Сәуір 2019, 16:58
2186
Бөлісу:
Назарбаев қазақстандықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына белсене қатысуға шақырды. 

«Наурыз айында президент ретінде өкілеттігімді тоқтаттым. Елде осыған қатысты өкініш, дүрлігу болғанын білемін. Уақыт ырыққа көнбейді, барлығы өзгереді, біз де өзгереміз. Сан рет ойланып барып осы шешімді қабылдадым және сіздерде осыған қатысты ешқандай күмән болмағанын қалаймын. Сіздер мені әрдайым қолдадыңыздар. Билік пен халық бір болған кезде алынбас қамал жоқ», - деп айтты Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында. 

Назарбаев 9 маусым күні өтетін кезектен тыс ҚР президенті сайлауы туралы қазақстандықтарға үндеу айтты. 

«Барлықтарыңызға мәлім, 9 маусымда сайлау өтеді. Nur Otan съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды. Ол дана мемлекеттік қайраткер, Қазақстанның нағыз патриоты, бүгінде елді билеуге лайық тұлға. Барша қазақстандықтарды президент сайлауына белсенді қатысуға және бірлігімізді тағы мәрте көрсетуге шақырамын», - деп айтты ҚР тұңғыш президенті.

Өзгелердің жаңалығы